Қызылорда облысында алабай ит көшедегі баланы талап тастай жаздады

Қызылорда облысында алабай иттің көшеде кетіп бара жатқан баланы талап тастай жаздаған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қуанышқа орай, маңайда жүрген ересектер итті қуалап, баланы құтқарып қалған. Шошып қалған баланың денесінде ит тырнағының іздері қалған. Оқиға 28 мамыр күні Қызылжарма ауылында болған. Видеода көрініп тұрғандай, шошып кеткен бала басын қолымен жауып жерде жатыр. Оның үстінде алабай тұр. Ересектер итті қорқытуға бар күш-жігерін салып, ақыры қуып жіберді. Артынша ит таяқпен ұрған адамның қасынан жүгіріп өтіп, арғы жағында тұрған үйдің есігіне кіріп кетті. Оның ішінен атып шыққан бала көшеге жүгіреді.  Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бұл жағдайға қатысты түсінік бермеді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарма басшысы мен оның орынбасары түске дейін және түстен кейін жиында болған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Алматылық Арбат Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті