Қызылорда облысында алғаш рет өт пен бауырға тіліксіз операция жасалды

Қызылорда облысы Арал ауданында алғаш рет бауыр мен өт қалтасына лапороскопиялық операция жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.Күрделі процесті жоғары санатты хирург Әмірхан Жүсіпов бастаған мамандар сәтті атқарып шықты. Ол хирургия саласында тер төккен 40 жыл ішінде 10 мыңдай операция жасап, мыңдаған науқастың аман қалуына сеп болған. Ізденімпаз жанды жерлестері тек Арал ауданына ғана емес, бүкіл аймақ медицинасына елеулі еңбегі сіңген азамат ретінде құрмет тұтады. Президент де жолдауда "Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет" деген болатын. Бұрын адам денесін кесіп, ашық түрде ішкі құрылыс мүшелерін тазалайтын болса, тері асты арқылы функциялау әдісімен ауданда алғаш операция жасаған Әмірхан Жүсіпов. Жаңа тактика бойынша тұңғыш рет науқастың бауыры мен өт жолы іріңнен тазартылды. Бұл артық асқынулар мен қабынулардан сақтайды. Сондықтан емделуші тез ес жияды."Бұл науқасқа да, бізге де жеңіл. Болашақта әрбір маман УЗИ, компьютерлік томографияны білмесе жақсы маман бола алмайды. Сондықтан УЗИ мен КП үйреніп жатырмыз", - дейді хирург Әмірхан Жүсіпов.Арал ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан оқыс оқиға кезінде науқастарды Қызылордаға жіберуге мүмкіндік болмайды. Түн жарымда жасалған шұғыл операция арқасында аман қалған жанның бірі Қойшыбай Ақсалбаев. Жол апатына түскен жолаушы аудандық-ауылдық медицинаның дамып келе жатқандығына көз жеткіздім дейді.  "Қабырғаларыңның бәрі сынған, өкпең жыртылған деді. Сонымен қазір 24 күн болды. Қазір жақсымын шүкір. Әмірхан деген ағамыздың арқасында аман қалдым", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Қойшыбай Ақсалбаев.  "Ұйқысыз түндер, демалыссыз түндер өтті талай. Бірақ ешқандай өкінбеймін халқыма қызмет істегеніме ризамын. Халық та батасын беріп, алғысын алып жатырмыз. Қанша ауыр болғанымен бұл жұмыстан алатын ләззат бөлек. Сондықтан кейінгі жас әріптестерім, қасымда өсіп келе жатқан шәкірттеріме бұл жұмыс - өте жауапты іс. Адам өмірбақи өзін соған арнау керек. Бүкіл ой, сана-сезімің науқасқа бағытталу керек. Сонда ғана жақсы дәрігер болып, халық алғысын аласыңдар дегім келеді", - дейді хирург Әмірхан Жүсіпов.  Озық технологиялы тәсілдерді білікті маман Мәскеу және Қазан қалаларына барып меңгерген. Білікті маман ұлт саулығына байланысты жазылған бірнеше мақалалардың авторы. Ізденімпаз хирург зейнет жасы жақындаса да қазір несеп жолындағы тасты лазермен алу әдісін үйреніп жүр. Құрал-жабдығы қолға тисе, урологиялық ауруларды да Аралда емдей бермек. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты