Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында балабақша бүлдіршіндері орын тапшылығынан еденге жатуға мәжбүр болған деген ақпарат тарады. Бұған байланысты облыстық білім басқармасы тексеру жұмыстарын бастап кетті.Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы балабақшада бүлдіршіндердің орын тапшылығынан еденде жатуға мәжбүр болғаны жөнінде айтылып, суреттері жарияланған. Сондай-ақ, суретте сәбилердің бір адамдық орында екі-үшеуден жатқанын көруге болады Бұған байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. «Қызылорда облысының білім басқармасы аталмыш мәселеге қатысты төмендегіні мәлімдейді. Облыстық білім басқармасы бүгінде арнайы жұмысшы тобын құрып, аудандағы балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізуде.Аталған зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті құзырлы органдарға ұсынылып, заң аясында шешімдер қабылданады», - деп жазылған басқарма хабарламасында.