Қызылорда облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен есепшісіне сот үкімі шықты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын қолды қылған лауазымды тұлғалардың кінәсі сотта дәлелденген. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Мұнан бөлек, басшылықпен сыбайлас болған 24 мектептің есепшілері де заң алдында жауапқа тартылды. Барлық сотталғандар өмірбойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.