Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды.«Қызылорда облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады», - делінген хабарламада. Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. «Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.