Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында болды.Tengrinews.kz.сайтының ақпаратынша, 2021 жылы дүниеге келген марқұм бала Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл ауылынан Қандөз ауылына анасымен бірге қыдырып келген."Сағат 11:30 шамасында бала С.Молдалиев көшесіндегі ауладағы құдыққа құлап, көз жұмды", - делінген хабарламада. ТЖД оқиғаның басқа мәліметтерін жарияламады. Болжам бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған.