Қызылорда облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысы Шиелі ауданының екі ауылдық округі табиғи газға қосылды. Бестам мен Телікөлдің тұрғындары отын жарып, күл шығару машақатынан құтылды. Бүгінде ауданның 40 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынның игілігін көруде. Бестам жәнеТелікөл ауылдарының тұрғындары бұл күнді асыға күтті. Бұрын аудан орталығына сабылып көмір кезегіне тұратын. Отын тасып, оны бұтарлап жинаудың өзі үлкен күшпен еңбекті талап етеді. Үйді жылыту үшін отты да үзбей жағып, бала-шағаны жалғыз қалдыруға да қорқатын. Енді бұл мәселенің барлығы артта қалды. Балтабай ҚОШҚАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бұл көптеген біздің келіндеріміз бен жеңгелеріміздің, жұбайларымыздың қолына жеңілдік беріп отыр ғой. Газ келгеннен кейін отын дақалды, қи да қалды, бәрі де қалады. Қыздарымыз, келіндеріміздің қолдары ұзарып, басқа да шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бала тәрбиесіне қарауға, басқа тірлікпен айналысуға үлкен мүмкіндік береді. Ұлтуған ҚАЛКӨЗОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл халқы қуанып жатырмыз. Тамағымыз асулы, шайымыз қайнаулы. бұрын сыртта жүргенде, жұмыста жүргенде әрдайым балаларды уайымдап отыратын едік. Отын уақытылы жағылып жатыр ма, үй салқындап қалды ма деп. Аймақта барлық аудан орталықтары мен 4 қала, 27 елдімекен табиғи газдың игілігін көріп отыр. Биыл да осы бағытта жұмыстар жалғасын тауып, өңірдегі газдандыру көрсеткіші 78 процентке жетпек. Оған 4 млрд теңге қаржы бөлініп, 12 елді мекенді газге қосу жоспарлануда. Оның ішінде Шиелінің де бірнеше ауылы бар. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Аудандағы 40 мыңнан астам тұрғын үй табиғи газдың игілігін көруде. Ауданда 6 елді мекенде, Еңбекші, Жиделіарық, ӘбиділдаТәжібаев, Алмалы, Досбол датқа, Бестамда газ тарату желілерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Салтанатты шара одан әрі мерекелік көңілді кешке ұласты. Ұлттық ойындар ойнатылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. «Ашамайғамінгізу» салты көрсетіліп, дәстүріміз жаңғыртылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«QAZSPORT» Қысқы универсиада ойындарын көрсетеді
Артём Черединов «Жеңіс» сапынан кетті
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
"Төлемнен босатылған": Көлік министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді
Екі өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева
Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды
Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Абай болыңыздар!»: Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан