Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында болған. 11 маусымда Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиіс сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.