"Самара - Шымкент" республикалық тас жолының Қызылорда облысындағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz."Қызылорда өңірінде ауа райының қолайсыздығына орай Самара-Шымкент тасжолының 1563-1702 шақырымдары аралығындағы Төретам ауылынан Жалағаш ауылына дейінгі жол бөлігінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", делінген "Қазавтожол" ҰК" АҚ хабарламасында.