Қызылорда облысының әкімі аудандарды аралап, қоғамдық қабылдау өткізуде

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 50 отбасы баспаналы болды. Игілікті іс аладағы уақытта да жалғаса бермек. Тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешу үшін аймақ басшысы жиі кездеседі. Барлық құқық қорғау органдары басшыларымен бірге қоғамдық қабылдау өткізеді. Бұл жолы Шиелі ауданына барып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Сыр өңірінде тиянақты орындалып жатқандығын көрінісі.Қоғамдық қабылдауға 60-тан аса азамат келді. Олар тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, аяқ су, қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Дүйсенбек Нұрбаев Еңбекші ауылынан арнайы келіпті. 3 мың халқы бар елді мекеннің тұрғындарын жолдың жайы алаңдатып отыр. Айтуларынша, ауыл іргесінен қиыршық тас таситын көліктер бірнеше шақырым жолды ойып тастаған. Дүйсенбек НҰРБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жолдың бәрі бұзылды. Соны облыс әкіміне айтып едік өте жақсы қабылдады. Барлық тас тасып жатқан, өндіріп жатқан адамдың барлығын шақырып, соларға Еңбекші жолын жөндеп беруін сәрсенбіге дейін оларға мүмкіндік берді. Аудан жыл өткен сайын көркейіп келеді. Орталыққа қоныс аударушылар аз емес. Әлеуметтік жағдайы жақсарғасын халық саны да көбейген. Оларды баспанамен қамту назардан тыс қалған емес. 50 отбасыға пәтер кілті табысталды. Жеңіскүл СЕЙТЕНОВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 13 балам бар. Бәрі отан болып жатыр. мінекей, мынау кенжем еді. Бұл кенжем де үйлі болып жатыр. Рахмет. Облыс басшысы аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Мемлекет басшысының қолдауының арқасында өңірде көптеген сәтті жобалар жүзеге асуда. Өңіріміздің бюджеті 1 жарым жылдың ішінде 609 млрд теңгеге жетті. Бұл қаражаттар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталуда. Айта кетейік, Шиелі ауданының әкімі халық таңдауымен қайта сайланды. Елдің артқан сенімін ақтау бұрынғыдан да жауапкершілікті күшейтетіні анық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Арда Гүлер ХХІ ғасырдың рекордын орнатты
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»