Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автокөліктері табысталды

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автокөліктері табысталды. Соның есебінен сала 90 процент жаңа, заман талабына сай техникамен қамтамасыз етіліп отыр. «Бұл күн-түн демей от пен судың ортасында жүрген мамандарға үлкен қолдау» дейді төтеншеліктер. Аймақтың төтенше жағдайлар саласына соңғы 3 жылда 11 бірлік техника сатып алынған. Мереке қарсаңында олардың қатары тағы 17-ге толықты. Оның 3-еуі республикалық бюджет есебінен алынған. Ал қалғанына облыс тайқазанынан 1 млрд 900 млн теңге бөлінген. Соның есебінен жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін өрт сөндіру көліктері ғана емес, өзге де заманауи техинкалар сатып алынған. Руслан ҚАЙРАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ: Момоноторинг жұмыстарын жүргіземіз. Тозығы жеткен аудандардағы техникаларды ауыстыратын боламыз. Барлық 7 ауданға да беріледі. 12 өрт сөндіру цистерналары, 1автолесница. Және де бір жарықтандыру мен құлақтандыру автокөлігі. Алдағы уақытта қаланың сол жағалауынан өрт сөндіру депосын салу жоспарланып отыр. Салаға көрсетілетін қолдау бұнымен шектеліп қалмайды. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Арал ауданы Сексеуіл кентіне 2 шығысқа арналған тез құрастырмалы өрт сөндіру депосын салу да біздің жоспарымызда бар. Бұл өңіріміздің ТЖ саласында қызмет етіп жүрген құтқару саласы қызметкерлері үшін үлкен қолдау деп білеміз. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Шара соңында өзгенің өмірі үшін аянып қалмайтын бірқатар төтеншелік арнайы алғыс хаттармен мараптталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Ла Лига Дани Ольмо мен Пау Виктор уақытша тіркеді
Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады