Қызылордада 100 жасаған қос қария алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Қызылорда облысында ғасыр жасаған қос қария ҚР Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауында алғашқы болып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қызылорда облысы Сырдария ауданында тұратын 101 жастағы соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде таңдау жасады. «Дұрыс таңдау жасау елдің ертеңін еңселі етеді. Қашанда мұндай саяси шарадан шет қалмаймын. Бүгін де сол үрдістен ажңылған жоқпын», - деді Я.Тасыров. Сонымен қатар Қазалы ауданына қарасты Ғ. Мұратбаев ауылының 100 жастағы тұрғыны Шамша Аймашқызы №64 сайлау учаскесінде таңдауын жасады. Саяси шара ресми түрде ашылғаннан кейін ол кісі алғашқы болып дауыс берді. «Саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен ертемен келіп, таңдау жасадым. Барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс. Халқымыз аман болсын! Өзгерістердің барлығы оңынан болсын», - деді Ш. Аймашқызы. Қарт ана өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Сайлау учаскесінің төрағасы Дархан Алдабергенов әжеге қазақы дәстүрге сай камзол кигізіп, иығына ақ жаулықты жапты. Кейуана алты ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 15 немере, 28 шөбере, 8 шөпшек сүйіп отыр. Ол кісі барлық саяси науқанға белсене қатысып келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылысынан 50-ден астам адам көз жұмды
“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Шымкентте ерекше ота жасалды
Жетісуда жел генераторы мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Петропавлда құстарға ұя жасаудан сайыс өтті
Адам қанша күн ұйықтамаса, галлюцинация пайда болады?
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
ШҚО-да 700-ден астам адамды ит қапқан (ВИДЕО)
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының делегациясы Қазақстан ҰОК кеңсесіне келді
Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды