Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 150 отбасы қоныс тойын тойлады. Аймақта биыл осыған дейін 252 адам баспаналы болған. Бұл бастама әлі де жалғасады дейді жауаптылар. Пәтер кілтін алғандардың дені- әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Аймақта құрылыс қарқыны ерекше. Әлеуметтік нысандардан өзге тұрғын үйлер де көптеп салынып жатыр. Соның бір легі мүмкіндігі шектеулі жандар мен толық емес отбасыларға және жетім балаларға табысталды. Гүлнұр Қаржаубаеваның үй кезегінде тұрғанына 14 жыл болған. Жаңа баспананың кілті қолына тиген көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Гүлнұр ҚАРЖАУБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кеше звондап, кілтіңізді алып кетіңіз дегенде қуандым. күтпеген жерден звондады. 4 бала-шағам бар негізі бұйырғаны шығар. осы үйде енді тек қуаныш болсын бізде. жақсылығымен келсін осы үйге бізге. Өткен жылы аймақта екі жарым мыңға жуық пәтер табысталып, 11 мыңнан астам тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл 13,3 млрд. теңгеге 67 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл көлем тағы да ұлғаймақ. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы аудандарда да қарқын алуда. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Біз өткен жылдан бастап тек облыс орталығында емес, аудандар да, аудан орталықтарында да осындай мұқтаж азаматтарға пәтер салып, кілтін табыстаудамыз. өткен жылы аудандарда 60-ге жуық жаңа үйлер салынып, кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. биылғы жылы да біз сол жұмыстарды жалғастырамыз. Аймақта тұрғын үйлерден өзге көптеген маңызды нысандар да салынып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 10 мектеп пайдалануға беріледі. Ал 11-інің іргетасы қаланбақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Әлі сене алар емеспін»: Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Қазақстандық футболшы Оралхан Өміртаев Беларустың БАТЭ құрамасынан кетті
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды