Қызылордада 157 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылордада 157 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жер учаскелері бірнеше жыл бойы пайдаланылмай бос жатқан. Оның ішінде заңсыз иемденіп алғандары да бар. Жалпы еліміз бойынша мұндай 5 млн гектердан аса жер телімі мемлекетке қайтарылған. Бұл бастама «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда.Нұрлан Биманов 13 жылдан бері мал бордақылаумен айналысады. Алайда, соңғы 3 жылда шаруашылығым шатқаяқтап барады дейді ол. Себебі жем-шөп бағасы жылдын жылға қымбаттауда. Жайылым жердің тапшылығы да шымбайына батады. Нұрлан БИМАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ: Өздерінің малдары жоқ, шаруақожалықтары жоқ. Бірақ та алып қояды. Сұрасаң бермейді. Соның салдарынан жайылым жер азайып жатыр. Жем-шөп те қымбаттап жатыр. Сол жайылым жерлер болса, бізге пайдалануға берсе, біз мысалы пайдаланып шөбін оратын едік. Мамандардың мәліметінше, облыс бойынша мал басына шаққанда 4 млн гектар жайылым жер қажет. Алайда, қазір сұраныстың жартысынан астамы ғана қанағаттандырылған. "Жер аманаты" комиссиясы пайдаланылмай жатқан 256 жер учаскесін мемлекет меншілігіне қайтарды. Енді оның игілігін ел көреді. Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жерлерді мемлекет меншігіне алғаннан кейін, тиісті мақсаттарға бөлу жұмыстар қайтадан жүргізілетін болады. Былтыр 157 мың гектар жер қайтарылса, биылғы жылы 200 мың гектар деген жоспарымыз бар. Халықтың қазір көп сұрап жатқаны ең бірінші кезекте ауылдың маңында мал жаятын жер жоқ дейді. Соған байланысты осы бағытта жұмыстар жүретін болады. Сондай-ақ, мамандар жайылым тапшылығын жою үшін өзге де шаралар жүргізіп жатыр. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ:Ресей федерациясына жалға берілген аумақтағы 60 мың гектар жерді қайтару мәселесі үкіметаралық комиссия қарауына ұсынылмақ. Бұл оң шешімін тапса, Ақай, Төретам елдімекеніндегі шаруалар үшін қолайлы болмақ. Ал 600 мың гектарға жуық жерді орман қоры құрамынан шығарса, 26 елдімекеннің жайылым мәселесі реттелмек. Осыған сай жауапты министрлікке хат жолданған.Бұл жұмыстарға арнайы мамандардан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы тікелей атсалысады. Олар қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген тұрғындардың арызы негізінде де жұмыс істейді. Осылайша, жайылым жерлердің көлемін ұлғайтуға күш салмақ.М. Тоқтасынқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Андрей Ульшин «Тобылға» ауысты
Білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады?
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді