Қызылордада 5 қабатты үйдің тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр

Қызылордада 5 қабатты үйдің тұрғындары «үреймен өмір сүріп жатырмыз» дейді. Себебі ғимараттың төбе жабындысы құлаудың алдында тұр. Айтуларынша, сарапшылар 4 жыл бұрын бұл қауіпті деп дабыл қаққан. Алайда мәселе жергілікті биліктің назарынан тыс қалды дейді.Төбеден аққан жаңбыр суынан ыза тепкен қыштар үгітіліп жатыр. 50 пәтердің тұрғындары түнде үйдің төбесі ортасына түспесе екен деп тілеп, көз ілмейміз дейді. Айтуларынша, қысы-жазы өжіредегі сасық судың иісіне тұншығады. Ал жауын жауса төбеден су сорғалап, әбігерге салады. Аралбай ҚАЛДАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен, мысалы, 4-те тұрамын. Менің үйіме дейін келіп су қатты жаңбыр жауған кезде қауіпті жағдайда тұр. Егер осылай көктем, қыс айларында осылай жаңбыр жауып не қылса, ойылып түсуі мүмкін. Техникалық апатты жағдай деп берді бізге. Акиматтан, басқа нелерден көмек жоқ қазір. Тұрғындардың айтуынша, мұнда негізінен қарттар қоныстанған. Сондықтан үйді өз күшімізбен жөндеуге шамамыз жетпейді деп отыр. Ал қайта жаңғырту жұмыстарын қалталары көтермейді. Жаңыл САРЫШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Модернизацияға біздің шамамыз келмейді. Плиталардың бәрі жылжып кеткен. Біздің қолымызда ешқандай техника жоқ. КСК бізде жұмыс істемейді. Акиматтан сұрайтынымыз білікті маман беріңіздерші, сосын техника беріңіздерші. Мына үлкен кісілердің ешнәрсеге шамалары келмей жатыр. Қала әкіміндегілер көпқабатты үйдің төбе жабындысын жөндеуге бюджет қаражаты жетпейді деп отыр. Сондықтан «тығырықтан шығатын жалғыз жол - қайта жаңғырту жұмыстары» дейді қала әкімінің орынбасары. Ғалымжан ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұрғындар тарапынан қаражатын жинап, қажетті материалдарын алып берген жағдайда техинкалармен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Барынша біздің айтатынымыз қайта жаңғыртуға тұрғындар тарапынан жұмыс жасауымыз керек. Осылайша, үрейленген тұрғындарға жергілікті биліктегілер үміт сыйлады. Халықтың жалғыз тілеуі көктемгі нөсер жауынға қалмай, құрылыс жұмыстарын аяқтау. М.Тоқтасынқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған 2 қазақстандық сотталды
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
Fly Arystan-дағы баға мен ұшақтың кешігуіне байланысты компания директоры кешірім сұрады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды