Бүгін түскі 15:00 шамасында Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.2008 жылы туған ер баланың өліміне қатысты Қызылорда ОПД тергеуді бастап кетті. - Аталған дерек бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда. Тергеу барысы Қызылорда ОПД бақылауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді. – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Амангелді Досжанов.