Қызылордада әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті

Бүгінде білім беру жүйесін трансформациялау, білім сапасын жақсартып, педагогтардың біліктілігін арттыру өзекті мәселе. Бұл орайда білім берудің жаңа тәсілдерін енгізу де маңызды. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Қызылордада өткен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысында сөз болды. Мемлекет басшысы Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөліп, жүйені жетілдіруді тапсырды. Балалардың қауіпсіздігі, құқығының қорғалуы да басты назарға алынуы керек деді. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу де өзекті. Бұл жүйені транспормациялаудың негізігі тетігі дейді жиынға қатысушылар. Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Білімді, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарымыздың негізінде тәрбиелеу деген өте өткір және өзекті. Білім беру жүйесі деген қоғамға, оның қажеттіліктеріне, оның әлеуметтендірілген тұлғаға қоятын талаптарына сәйкестендіру, мақсатты, нысаналы түрді ұйымдастырылатын жұмыс. Саладаға басты мәселелерді шешу үшін білім беру жүйесін жетілдіру және оны әлемдік стандарттарға жеткізу маңызды. Бұл орайда, бірінші кезекте педагогтартар мен мектеп басшыларының білім деңгейін арттыруға көңіл бөлінуде дейді сала мамандары. Қаныбек ЖҰМАШЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сапалы білім беруде педагогтардың жұмысын жандандыру және ынталандыру үшін маңызды тетіктер педгогтардың біліктілігін, сапалық құрамын, басқару менеджменті, ұстаздардың жалақысын арттыру болып табылады. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы біліктілігін арттырудан өткен педагогтардың саны еселеп өсті. Саладағы түйткілдің түйінін тарқату аймақта да күн тәртібінен түскен жоқ. Облыс бюджетінің 41 проценті білім саласына бағытталады. Бұл соңғы екі жылда қаржының 27,9 процентке өскендігін көрсетеді. Соған сай үш ауысымды мектептерді жою, білім ордаларына қосымша ғимараттар салу мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Жаңа құрылыстар да қарқынды бой көтеріп жатыр. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Өткен жылы өңірде 1170 орындық 4 мектеп, жыл басында 550 орындық 2 мектеп ел игілігіне табысталды. Биылғы жылы жаңадан 15 мектеп және де 4 мектепке қосымша құрылыстар салынып, жаңа оқу жылында пайлануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлтты жобасы аясында 12 300 орынды құрайтын 21 мектеп салынуда. Білім беру жүйесін жетілдіруге де күш салып жатырмыз дейді сала басшылары. Мәселен, бүгінде бүлдіршіндердің балабақшаға бару көрсеткіші арнайы платформаның көмегімен бақылауға алынған. Бұл бөбекжайларға балаларды тек құжат жүзінде тіркеудің жолын кесуде. Соның нәтижесінде 3 млрд теңгеден аса бюджет қаржысы үнемделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Дәрі-дәрмекті таңбалау: жаңа жүйе нарықты қалай ашық әрі қауіпсіз етеді
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді
Маңғыстау облысында есірткіні халықаралық деңгейде жеткізіп жүргендер ұсталды
«Желіде бұғаттайды»: Жәмила Бақбергенова сыңары Мәдинамен қарым-қатынасы туралы айтты
600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгереді
Павлодарда балаларға арналған 2 оңалту орталығы ашылды
Жезқазғанда тұрғын үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 5,5 % жаңартылды
Ақтөбеде мұғалім мен техник есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды