Қызылордада «Ауылда денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы жүйелі жүзеге асуда

Қызылордада шалғай елдімекендерде де заман талабына сай дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер бой көтеруде. Биылдың өзінде осындай 15 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл -«Ауылда денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Аймақта заман талабына сай медициналық нысандар көптеп салынып жатыр. Соның бірі- 4-санатты 5 мың-10 мың донацияға арналған облыстық қан орталығының құрылысы. Жоба құны 2,9 млрд теңге болатын нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Тоғжан АМАНУЛАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әлеуметтік желіден де көріп жатырмыз. Сыр өңірінде көптеген нысандардың салынып жатқаныны Сыр өңірінде. Көптеген жаңа аппараттардың келіп жатқаны өте қатты қуантады. Себебі бірінші байлық денсаулық қой халыққа ең керегі. Сонымен қатар білікті мамандарда өте көп. Биыл іргетасы қаланған нысанның тағы бірі – 300 төсектік көпбейінді аурухана. Жобада 100 келушіге арналған емхана, онкологиялық орталық қарастырылған. Құны- 36,4 млрд теңге. Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Олжас ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Президентіміздің ауылдық медицинаны жаңғырту тапсырмасына сәйкес осы екі жылда 23-24 жылдары 27 медициналық ауылдағы объектінің құрылысы жүреді. Оның 24-і дәрігерлік амбулатория, 2-еуі фельдшерлік-акушерлік бекет болса, біреуі медициналық бекет. Денсаулық сақтау саласына жылына облыстық бюджеттен 11-12 млрд теңге бөлінеді. Соның нәтижесінде саланың қордаланған мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
10-нан артық легионер әкелсе футбол клубының басшысы 40 млн теңге айыппұл төлейді
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған
Жұман Жұмабеков пен Расул Мирзаевтың жекпе-жегі Алматыда өтеді
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты (Видео)
Жетісуда бір адам қар құрсауынан құтқарылды