Қызылордада мерекеге орай қаржыгерлер марапат төрінен көрінді. Аймақ экономикасының қарқынды дамуына үлес қосып келе жатқан сала мамандарын облыс әкімі құттықтады.Төл теңгеміздің айналымға енуі еліміздің экономикалық саяси тұрақтылығын нығайтты. Қаржы жүйесіне қан жүгірді. Ол кезеңдерде аймақ бюджеті қазіргімен салыстыруға да келмейтін. Бүгінде өнеркәсіп өндірісі өркендеп, әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығайды. Дайрабай ЫСҚАҚОВ, ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Адам айтқысыз өсіп келе жатыр ғой экономикамыз. Мысалы 1993 жылы бюджетіміз, облыстық бюджеті небәрі 135 млн теңге болды. Әрине, ол енді алғашқы кез құндылау, дегенмен. Ал бүгінгі таңға облыстың бюджеті 603 млрд теңге. Өте таңқалатын нәрсе, қаржыгерлер оны біледі. Экономикамыздың бірден-бір тыныс тіршілігі, күретамыры бюджет. Қаржы жүйесінің жүйелі жоспарлануында білікті мамандардың еңбегі зор. Мерекеге орай сала ардагерлері мен қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Сала мамандарын мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталды.Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Жақында облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы өңірдің әлеукметтік- эконоикалық дамуына оң бағасын берді. Биылдың өзінде қосымша тайқазанымызға 168 млрд теңге тартылды. Облыстың даму бюджетінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.