Қызылордада бәйгеден ел чемпионаты өтті

Бәйге десе делебесі қозатын халықпыз. Қызылордада өткен ел чемпионатына жиналғандардың қарасы қалың болды. Құйрық-жалы түйілген жүйріктер ауыздықпен алысып, шабандоздар белін буып алған. Жел¬мен жарысқан Қамбар ата түлі¬гін құрметтеген көпшілік өз бай¬ламдарын айтып, оған қиқу қосты. Дүбірлі сәттің шырайын шығарды. Қай сәйгүлік шашасына шаң жұқтырмады, кімнің үкілеген үміті ақталды? Өңірдегі тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы айтады.Бұл 11 жастағы Алдиярдың екінші бәйгесі. Атқа отырғанына көп болмаса да жас шабандоздың қанжығасы майланды. Бірінші орынға тігілген темір тұлпарды тақымына қысты. Алдияр ЕРДОСҰЛЫ, «АЛАМАН» БӘЙГЕ БОЙЫНША І ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ: Демалдырдым да соңғы айналымда шаптым. Одан кейін бірінші келдім. Кейбір кездері бас бермей кеткен кездер болды. Бірақ сонда да тартып отырдым. Соңғы уақытта аймақта ұлттық спортты дамытуға ерекше ден қойылып жүр. Осы бағытта облыстың абыройын асқақтатып жүрген 16 мыңнан аса спортшы бар. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Облыс спортшылары өткен жылы ҚР чемпионаты мен кубоктарында, әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарында жеңіп алған медальдар санымен соңғы 5 жылдағы рекордты жаңартты. Бүгінгі республикалық бәйге жарысы да Сыр елінің мерейін асырып, Ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар бұл бәйге әлем кубогіне іріктеу ретінде өткізіліп жатқанын айтады. Ал ұлттық спортты әлемдік деңгейде насихаттау басты мақсат дейді. Исламбек САЛЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Биылға үлкен жоспар құрып жатырмыз. Тек қана республикалық емес, әлем кубогі, Азия кубогтерін өткізуді біз бір жылда жоспарладық. Ұлттық спорттың артында қазақтың рухы, мәдениеті, тарихы тұр. Сол себептен бір әрі қарай басқа бір деңгейге шығаруға ат салысамыз. Шабандоздар «Құнан», «Топ», «Аламан» бәйге бойынша сынға түсті. Жеңімдаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында ұлттық киім үлгілері бойынша байқау өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды