Қызылордада биыл 12 ауыл газдандырылады

Қызылордада биыл 12 ауыл от жағып, күл шығару машақатынан құтылады. Аймақта өткен жылы 14 газдандыру жобасы жүзеге асырылып, алты елдімекеннің тұрғыны табиғи газге қол жеткізген. Осы бастаманың жалғасы ретінде Жаңақорған ауданының Бірлік және Қыраш ауылдары көгілдір отынға қосылды.Қыраш ауылында 150-ге жуық отбасы тұрады. Тұрғындар бірнеше жылдан бері отын жарып, көмір тасып әлекке түсетін. Енді ол артта қалды. Жұрт табиғи газдың игілігін көруде. Айжан ҚАНАПИЯНОВА, ҚЫРАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қолдың пешін жағатынбыз. Қазір көгілдір отын келіп жақсы болды. Жұмысымыз жеңілдеді. Шайды газға қоямыз. Көгілдір отынның өзінің пеші бар. Өшіп қалмайды. Өз уақытында жанып, үйді бірқалыпты температурада ұстап тұрады. Бұған дейін тек Жаңақорған кенті ғана табиғи газбен қамтылған. Енді Бірлік ауылының халқы да көгілдір отынның игілігін көреді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ауылдарға арнайы барып, газ құбырын іске қосты. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы аса маңызды мәселелердің бірі ауылды кешенді түрде дамыту, ауылдарды нақты қолдау көрсетіп, заманау инфрақұрылымды дамыту керек деген болатын. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірінің ерекше қолдауының арқасында өңірімізде жаңа жобалар жүзеге асуда. Бүгінде аймақ тұрғындарының 70 пайызы табиғи газды тұтынып отыр. Биыл Жаңақорғанның тағы да 5 ауылына көгілдір отын тарту жоспарланған. Ерлан ЖОЛАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Газдандыру деңгейін биыл жылдың аяғына дейін 72 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы біз осы газдандыру бағытындағы жұмыстарды Жаңақорған ауданында Бесарық елді мекенінде «Бесарық» автоматты газ тарату станцасы жобаланатын болады. Облыс әкімі сапары барысында халықаралық транзиттік дәліз бойындағы Қызылордаға кіре беріс қақпаның лентасын қиды. Демеуші есебінен салынған арканың ені 43, биіктігі 17 метр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Түркістанда тағы бір жайлы мектеп ашылды
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті