Қызылордада биыл елдімекендерді санитарлық көліктермен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі

Қызылордада биыл елдімекендерді санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі. Өткен жылы 513 млн теңгеге 25 санитарлық автокөлік алынған. Биыл оның қатары тағы 200-ге толығады. Медицина қызметкерінің кәсіби мерекесі қарсаңында алғашқы 50 көліктің кілті табысталды. Сондай-ақ, үздік сала мамандары марапат төрінен көрінді. Аймақта медициналық жедел жәрдем стансасы 100 процент арнайы жабдықталған көлікпен қамтамасыз етілетін. Алайда медицина ұйымдарындағы санитарлық көліктердің 68 проценті ескі. Бұл мәселе биыл түбегейлі шешілмек. Ақ халаттылардың кәсіби мерекесі қарсаңында көліктердің алғашқы легі табысталды. Олжас ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады деген сөз. Бұл санитарлық көліктер негізнен емханаларымызға беріледі. Яғни үй жағдайындағы дәрігерлеріміздің барып қызмет етуіне, ауылдық жердегі дәрігерлік амбулаторияларымызға беріледі. Биыл салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салынып жатыр. Сонымен қатар, жақын күндері облыстық Қан орталығы ашылмақ. «Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті шараларды жасаймыз» деді облыс әкімі. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Өңірімізде аурулар көрсеткішінің төмендеп, жылдан жылға оң динамиканың қалыптасуы халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегінің нәтижесі. Бұнымен тоқтап қалмай ауылдық жердегі медициналық қызмет сапасын, әлеуетін көтеруге бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Кәсіби мереке қарсаңында сала ардагерлері мен бірқатар қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Мерекелік кеш одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды