Қызылорда облысында құс фабрикасы толығымен өртеніп кетті. Онда 4 мың бөдене құсы болған. Олардың барлығы тірідей жанып кеткен. Тілсіз жау таңғы сағат 4 жарым шамасында басталып, бір сағаттан соң оқшауланған. Мамандардың айтуынша, зардап шеккен адам жоқ. Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бесарық ауылды елдімекеніндегі «Абай-Дәулет» ЖШС-не қарасты бөдене өсіретін құс фабрикасының толығымен өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің көлемі 288 шаршыны құрайды. Ғимарат бір қабатты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен көлемі нақтыланып жатыр.