Қызылордада бір күнде 5 елдімекен көгілдір отынға қосылды. Оған қоса 4 ауылдың халқы жаңа дәрігерлік амбулаторияда емін алады. Аймақта одан да өзге ақжолтай бастамалар көп. Аймақта барлық аудан орталығы мен 4 қала және 19 елдімекен табиғи отынға қосылған. Соның басым бөлігі Шиелі ауданына қарасты ауылдар. Оның қатарына Жаңақорғанның Жайылма, Шалқия, Құттықожа ауылдары да қосылды. Газдандыру жұмыстары келесі жылы да қарқынды жүргізілмек. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Келесі жылы біз тағы да 12 елдімекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 5 млрдқа жуық қаражат алдық. Сол арқылы өңірлдегі көгілдір отынмен қамтамасыз ету көрсеткішін 78 пайызға жеткіземіз деп жатырмыз. Шиелі, Жаңақорған аудандарының халқы жылды ерекше қортындылап жатыр. Қос ауданның 4 ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Соның бірі Қарғалы ауылы. Дариядан қалқымалы көпір арқылы өтетін халық қазір айналма жолмен аудан орталығына қатынайды. Ал ескі амбулаторияда жедел көмек көрсетуге де мүмкіндік жоқ болатын дейді тұрғындар. Енді, міне, мәселе артта қалды. Алпысбай ТӘШІМБЕТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Анализ тапсыру үшін де Шиеліге барамыз. Шиелі 40 км барсаң кешігіп қаласың, кезек. Кейде ол болмай қалады. Жағдай айтамыз. Әсіресе, екіқабат әйелдерге, соқыр ішек, жедел жүрек ауруы болғанда дәрігерлердің көмегі керек болатын. Барлық аппарат бар. жаңа типте салынған ғимарат қой. Жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың қатарында мәдениет үйлері мен клубтар да. Соның бірі Өзгент ауылынан ашылды. 150 орындық клуб заман сұранысына сай салынған. Ал келер жылы 7 ауданда «Руханият» орталықтары пайдалануға берілмек.