Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған 39 жастағы әйел сотталды. Ол өткен жылдың наурыз айында несие алып беремін және медициналық мекемеге медбике етіп жұмысқа орналастырып беремін деп алаяқтық жолмен екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 850 мың теңге болған. Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған. 5 қаңтарда сотталушы сот үкімімен аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.