Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті

Қызылорда облысында жыл басынан бері 11 адам бруцеллёз ауруын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыста жыл басынан бері бруцеллёз (сарып) ауруының 11 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан. «Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгілер үлесі - 18, 15-19 жастағылар -27, 19 жастан жоғарылар - 55%-ды құрайды. Сарып ауруы биыл аудандар бойынша Қармақшыда - 3, Жаңақорғанда - 2 дерегі тіркелсе, ол Қызылорда қаласында 6 жағдайды құрады. Дертке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4%», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды. Қалған 2-і мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшы қыздар белгілі болды
Дзюдошы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе табысталды
Қос азаматтығы бар адамдар анықталды
Астанада тағы бір инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
«Қар, көктайғақ, бұрқасын»: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Көктемде SCAT әуекомпаниясы жаңа халықаралық рейстерді іске қосады
Бозкілемде атой салған балуандар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады
Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды
Бокстан айымыз оңынан туды
Мұғалім болу – бір басқа, «ұстаз» болуға тест керек
Керек ағашты кесе берме
Азық-түлік бағасы реттелмек