Қызылордада егіс алқаптары күнге күйіп, құрғап жатыр. Қармақшы ауданының дихандары дабыл қағуда. Биыл су тапшылығы қатты сезілуде дейді олар. Бұл күріштің өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Төлеу ЕРӘЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАС АГРОНОМЫ: 10 күн болды судан егісіміз тапшылық көріп, 100 гектардың үстінде жеріміз 25 атыздай жерде су құрғап қалды. Канал түсіп кеткен. Жауапты басқармадағылар аймаққа келетін су көлемін нақты есепке алып, жағдайды алдын ала реттеуге қауқарсыз екенін айтуда. Жорабек ЕРНАЗАРОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Су мәселесі өте қиын. Үйлестіру комиссия дейміз, 4-5 мекеме бар. Сол 4-5 мекеменің ішіне Қырғызстан соңғы 10-15 жылдың шамасында қазір қосылмайды. Өйткені оған келетін су таудан келеді. Ал жіберетін суға тәуелді біз. Мамандар мәселені тек ауыспалы егіс жүйесі арқылы ғана реттеуге болады дейді. Алайда, шаруалар бұл талапты сақтайтындар аз екенін айтады. Сондықтан жауапты басқарма тарапынан бақылауды күшейту керек деп отыр.