Қызылордада электр желілері мен тораптардың 70 % тозығы жеткен

Қызылордада электр желілері мен тораптарының 70 процентінің тозығы жеткен. Сондықтан жауын жауып, жел тұрса жарық өшіп, электр сымдары үзіліп, жұртты әбігерге салады. Халықты алаңдатқан мәселені тілшіміз тарқатады.Бақытбек Бәрзуұлы қаланың Шанхай мөлтек ауданында тұрады. Айтуынша, мұнда жарық жиі өшеді. Осы аумақты электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр торабының әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан кейде қысым шектен тыс көтеріліп, тұрмыстық техникалары күйіп кеткен кездері де болған. Бақытбек БӘРЗУҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ескі болмаса сөнбейді ғой. Жел болды, болды, жаңбыр жауды болды өшеді. Пока олар келіп жалғаймын дегенше 3-4 сағатың кетеді. Газды өшіреміз, мотор өшіп қалады. Кішкентай балалар тоңады. Бұл мәселе шет аймақта тұратындардың барлығын алаңдатады. Тарифке қатысты да шағымы бар. БЛИЦ: - Жыпылықтап тұрады. Свет жыпылықтаған сайын телевизор, тоңазытқышқа зиян келеді. Комсомолда поликлиникада понедельник, вторник, среда 3 күш светсіз отырды. Трансформатор күйіп кетіп. Қаншама адам зардап шекті. - Қиындау қазір төлеу. Қымбаттап кетті. Қазір мен үшінші топтағы мүгедекпін. Біздерге алаңсыз берілетін жәрдемақыны жарыққа төлейміз ба, басқаға төлейміз ба? Жалпы еліміздің оңтүстік аймақтарында энергия тапшы. Қызылорда облысына қажетті электр энергиясының 70 проценті Жамбыл мен Екібастұздан тасымалданады. Жауапты басқармадағылардың мәліметінше, электр желілері мен тораптардың жартысынан астамы ескірген. Мәселені шешуге жұмыс істеп жатырмыз дейді мамандар. Ерлан ЖОЛАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің есебіміз бойынша, 70 пайыз тозығы жеткен электр желілерінің 50 пайызға, 30 пайызға түсіру үшін бізге 170 млрдтан аса қаржы керек екен. ондай үлкен қаражат бір мезгілде шешілмейді. Сол себепті бұл мәселені Үкімет басшысына көтеріп, кредиттік түрде болса да республикалық бюджеттен қаржыландыру шараларын енгізу ұсынысымызды айтқан болатынбыз. Биыл облыстық бюджеттен 3 млрд теңге қаржы қаралған. Ол саланың кезек күттірмейтін күрделі мәселесін жамап-жасқауға ғана жетеді. Ал құрылысы 2025 жылы аяқталатын жаңа жылу электр орталығы мәселені түбегейлі шешеді дейді жауаптылар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаулықтар мен астаналықтар әуе апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр
Франциядағы тау шаңғысы курортында 240 турист лифтте тұрып қалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы айтылды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды