Қызылордада халықаралық білім беру бизнес форумы өтті. Басқосуға белгілі теолог Нұрлан Асанов, медиаменеджер Арман Давлетяров, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қатысты. Сыр елінен бастау алған кездесу еліміздің барлық қалаларында жалғасын табады. «Арманда» форумы биыл Қызылорда қаласынан бастау алып отыр. «Мақсат – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау» дейді ұйымдастырушылар. Негізінен форумның тақырып аясы кең. Онда спикерлер отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және тұлғалық даму тақырыбы төңірегінде сөз қозғады. Арман ДАВЛЕТЯРОВ, МЕДИА МЕНЕДЖЕР: Біз ұлттық құндылықтар төңірегінде ғана айтпаймыз. Қаланы аралап, тарихи орындарда да боламыз. Оны әр барған қаламызда насихаттаймыз. Ал негізінен Ләйлә Сұлтанқызы әйелдер мәселесі төңірегінде сөз сөйлейді. Нұрлан имам екеуміз жастармен кездестік. Дін, отбасылық мәселелер аясында сөйлестік. КТСпикерлердің айтуынша, әлеуметтік желіде оларға отбасылық мәселелер төңірегінде сауалдар көп жолданады екен. Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: Бір ғана сауалнамама кем дегенде 3000, алды 300 мың адамға дейін қатысады. Әйел тақырыбын, олардың денсаулығы немесе медиа саласындағы жеке бренд туралы көп айтамын. Қызылордадан өте көп бізге хаттар келеді. Әсіресе, Қармақшы, Арал жақтан. Мен түсінбедім неге екенін. Мен сол жақтан көп хаттар аламын қыз келіншектердің денсаулығына қатысты. Біз тегін консультация береміз. Жиналғандар спикерлермен еркін пікір алмасып, кері байланыс орнатуға да мүмкіндік алды. Сауалдарын қойып, жауап алды. Ақгүл РИНАТ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ: Ләйлә ханым келіп, әйелдерге күшті мотовация беріп жатыр деп айта аламын. Себебі әйелдің жаны 40 емес, қабілеті 40 деп, күшті сөздермен бізді өзіне тартып жатыр. Форум күшті. Адамның көптігінен-ақ байқауға болады керемет өтіп жатқанын. Тағы да қызықтар болады. Форум аясында кәсіп бастағысы келетін жастарға да бағыт-бағдар берілді. Жұмыстың көзін тауып, табысты кәсіпкер атанудың құпиялары