Қызылордада Халықарадық Отбасы күні кең көлемде аталып өтілуде. Облыс бойынша түрлі форматта 30-ға жуық шара жоспарланған. Бұның отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қазақи тәрбиені қалыптастыруда маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында аймақтан бұл байқауға 2 мыңға жуық отбасы қатысқан. Олар- түрлі салада жетістікке жеткен, өсіп-өнген әулеттің мүшелері. Биыл да бастау алған шараға жас отбасылар да атсалысса дейді ұйымдастырушылар. Құжат қабылдау бір айға созылады. Аудан және қалалық, облыстық кезеңнен жолдама алғандар республикалық байқауда аймақ мерейін қорғамақ. Шахмардан БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау, отбасы институтын, адагершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптының маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларды, еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау. Мерке аясында облыстың барлық аудандары мен елдімекендерінде түрлі форматтағы шаралар бастау алды. Шахмардан БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ұлттық тәрбие адамгершілік пен имандылықтың, ізгіліктің, парасаттылықтың бастау бұлағы – отбасы. Осы ретте Халықаралық отбасы күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бізде бекітілді. 25 қоғамдық-бұқаралық, мәдини көпшілік, ағартушылық-зияткерлік, ғылыми-танымдық және спорттық шаралар қосылған. Биыл аймақта заман талабына сай неке сарайы пайдалануға беріледі. Одан өзге, құны 1,5 млрд теңге болатын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталды. Бұл ұлттық дәстүр мен қазақы тәрбиені дәріптейтін үлкен орталыққа айналады дейді аппарат басшысы.