Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды

Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды. «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» деп аталатын шараға еліміздің түкпір-түкпірінен суретшілер жиналды. Сонымен қатар, Өзбекстан, Қырғыстан республикасының өкілдері де бар. Халықаралық дәрежеде алғаш рет өткізіліп отырған симпозиум 4 күнге созылады. Осы уақыт аралығында қонақтар Сыр елінің тарихымен танысып, көрікті жерлерін аралайды. Көрген және естіген дүниелерін бейнелейді. Өмірбек ЖҰБАНИЯЗОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Тек жергілікті суретшілердің шығармашылығын біз білеміз. Ал енді сыртқы көзқараспен біздің тарихымызға өңірдің, қазақ тарихына деген ол да біздің ерекше құндылық деп есептеймін. Бұндай шара дістүрлі болып жатса, нұр үстіне нұр. Халықаралық симпозиумның мақсаты тарихи құндылықтарымызды сақтау оны кейінгі ұрпаққа насихаттау дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан Сыр суретшілерін жастарға танытып, тәжірибе алмасуына жол ашу. Шахмардан БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Қожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет пен Құлақмет Қожықовтар, Сахи романов пен Салихаддин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Шараға келген қонақтар да дән риза. Олар аймақтың тарихи тұлғалары мен ғажайып көрінісін қылқалам арқылы жеткізу, мол мұрамызды сақтап қалудың бір көрінісі деп біледі. Қайырбай ЗӘКІРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ: Сырдың топырағы тек қана жырға емес, сурет өнеріне, өнердің басқа салаларына да өте бай. Риза болып, толқып та тұрмын өзгеше. Осы, бұл жақсы жемісін береді ғой деп ойлаймын. Осындай қамқорлық бола берсе, халықтың ішкі дүниесі оң салаға өзгере береді. Шара Өнер орталығында қорытындыланады. Суретшілердің 4 күн бойы салған туындыраларынан фотоальбом жасалып, Көркемсурет галереясының қоржынына өткізілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл 700 мыңнан аса оқушы тегін тамақпен қамтылды
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Шарын ұлттық паркінде жабайы қабан мен елік фототұзаққа түсті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
2024 жылы шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдыздары
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?