Қызылордада жаппай төбелеске қатысты деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске қатысты 12 қала тұрғыны анықталған. Күдіктілер саны әлі артуы мүмкін. 25 пен 30 жас аралығындағы жігіттер көшенің қақ ортасында бір-бірін қуалап жүріп, аяусыз ұрып жатқанын видеодан көруге болады. Төбелеске не себеп болғаны әзірге белгісіз. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ: Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен, яғни бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.