Қызылордада жасөспірімге алкоголь өнімін сатқан 8 сатушы жауапқа тартылды

Қызылордада жасөспірімге алкоголь өнімін сатқан сегіз сатушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстар Қызылорда облысы полиция департаментінің басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында “Жасөспірім”, “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел профилактикалық іс-шаралары, “Мен және менің полицейім”, “Абайлаңыз, балалар” атты акциялар өткізілді. Осы жылдың жеті айында облыс көлемінде ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлерімен​ 5330 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 218 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызды, 40 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 3934 жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін анықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түнгі уақытта болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Әрбір рейд бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, топтасып жасалған құқық бұзушылықтың зардаптары, оның жауапкершілігі туралы айтылды. Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 102 ​кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 5 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін сегіз сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық дзюдошы Спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетті
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді