Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтермек

Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ошағы бой котермек. Жобаның құны -98 млрд теңге. Ал Оралда жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен екі мектеп салынып жатыр. Бұл өңірлердегі үш ауысыммен оқу мәселесін шешуге сеп болмақ.Қызылорда қаласының шет аймағы саналатын КБИ мөлтек ауданының балалары осы ұядай ғана ғимаратта оқуға мәжбүр. Мұнда балалардың заман талабына сай білім алуына ешқандай жағдай жасалмаған. Енді бұл мәселе шешімін табады дейді жауаптылар. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Бибісара ИМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 25 жылдан бері осы КБИдің тұрғынымын. 10 балам осы мектепте оқып білім алды. Үлкен-үлкен қызметтерде істеп жатыр. «Жайлы мектеп» соғылады деген соң қуанып, қойнымызға сыймай жатыр қуанышымыз. Арманымыз еді, мінекей салынып жатыр. Қазір аймақта ұлттық жоба аясында 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал қалған 11-і келесі жылы басталады. Білім ошақтары облыс орталығында ғана емес, аудандарда да салынады. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат -балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Асқарбек ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысы мектеп ең қауіпсіз орынға айналуы тиіс деген тапсырмасы бар. соған байланысты ең бірінші кезектер Жайлы мектептер қауіпсіздігімен және замауи пәндәк кабинеттердің жабдықталуымен ерекшеленеді. Және бұл мектептердегі ұстаздар кәсіби қайта даярлаудан өткізілетін болады. Батыс Қазақстан облысында мектеп тапшылығы жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен шешілуде. Аталмыш қаражат шалғай ауылдағы құрылысы уақытылы аяқталмаған екі білім ордасына жұмсалған. Бұл іске 650 миллион теңге бөлінген. Жаңа мектеп салынғанша, ауыл балалары кітапхана мен мәдениет үйін және жастар ресурстық орталығын паналап келді. Енді жемқорлардан тәркіленген ақшаға облыс орталығынан тағы бір мектеп салынады. Нұркен МОЛДАШЕВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мердігер анықталды 31-мектеп бойынша. Оған 2,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұрын жеке кәсіпкерге салып бітіру үшін берілген болатын ол жер. Онымен жеке кәсіпкер жұмыстарын бастамай, кредит ала алмадцы, тағы да басқа проблемалары болды. Өзіміздің балансқа қайтарып, қазіргі таңда ол жерде 400 орындық мектептің құрылысы басталатын болады. Сол қордан қаражаты бөлінді. Биыл өңірде 13 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Бірақ білікті мамандар әлі тапшы, әрі апатты мектептер саны да азаяр емес. Мәселені тез шешуді көздеген шенеуніктер енді ауылдарда шағын жинақты мектеп санын көбейтпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты