Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын білім нысанына бөлінген жер тар

Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын білім нысанына бөлінген жер телімі тар. Қаржысы қаралған, құрылысы 2 айдан кейін басталуы тиіс. Тұрғындаржер мәселесі шешілмесе, құрылыс жұмыстары кешігіп қалмай ма деп алаңдап отыр. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Жоба мақұлданған. Ақмаржан шағын ауданындағы ескі мектептің орны таңдалған. Бірақ ол жер тар. Жаңасын салуға көлемді аумақ керек. Енді тұрғындар соның салдарынан қордан бөлінетін қомақты қаржыдан да қағылып, білім ордасы салынбай қалады ма алаңдаулы. Дәрікүл ЖАЛБЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жерге мектеп салынады деп ген план бойынша сызылады. Өйткені мектеп емес қой бұл түрме ғой бұрыңғы. Ал енді мектепті салына деп тұрып неге мына жердің барлығын комерциялық мақсатқа сатады. Акимат қаражатымыз жоқ дейтін болса, біз халықтан жылу жинайық. Сөйтіп өзімізше мектеп салайық. Бір келеді да әне өлшейді міне өлшейді да төрден қатырып мектеп саламыз дейді. Қазір 10 жыл болды. Ескі білім ордасының құрылысы 1980 жылдары салынған. Алғашында түрме, кейін емхана болған екен. Ал осыдан 30 жыл бұрын мектеп ретінде пайдалануға берілген. Алайда, білім ошағы деген аты болмаса, талаптарға сай келмейді дейді тұрғындар. Ата-аналар балаларымыз білім саласындағы заманауи мүмкіндіктерден қағылып отыр деп алаңдаулы. Оның арнайы талаптарға сай келмейтіндігін мектеп директоры да жоққа шығармайды. Еркін АҚШАЛОВ, Ә.ҚҰДАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №197 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Балаларға тығыздау. Оқуға стандарқа сәйкес келмейтін мектеп. Санпин бойынша да, басқа да. Соған байланысты қазір бұл мектептің жарамсыздығы жөнінде жұжаттар дайындалып жатыр, рәсімделіп. Осы 1-2 күннің көлемінде егер аяқталса, қорытындысын аламыз. Егер қорытындысын алатын болсақ бұл мектеп бұзылуға жатады. «Жайлы мектеп» жобасының үйлестірушісі «Самұрық қазына канстракшн» АҚ. Аймақта бірінші кезең бойынша биыл 10 мектептің құрылысын салмақ. Ол тізімге мыңға жуық бала оқып жатқан Ақмаржандағы білім ордасы да енген. Жауапты басқармадағылар кәсіпкерлермен бір келісімге келмесе де, құрылыстың басталатына сенімді. Дінмұхамед СЫРЛЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ол жерге мектеп салынатыны анық. Сондықтан мемлекет мұқтажы алу жөнінде қаулы шықты қала әкімдігінен. Шектеулердің барлығы қойылды. Ол жұмыстар паралельно жүре береді. Ал құрылысқа байланысты ешқандай тоқтау жұмыстары болмайды. Қазіргі таңда мектептің ескі ғимаратына сот сараптамасы жасалуда. Құжатта онда балаларға білім алу қауіпті екендігі нақтыланса, ол бұзылады дейді мектеп басшылығы. Ал басы ашық күйде тұрған мәселелердің шешілуіне алаңдаған тұрғындарда үміттен гөрі күдік басым.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты: Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 12 адам ауруханаға жеткізілді
«Айтпай-ақ қояйық дегенбіз»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты жазба жариялады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады