Қызылордада жеке емханалардың біріне массаж жасатуға барған бір жастағы бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шықты

Қызылордада жеке емханалардың біріне массаж жасатуға барған бір жастағы бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шықты. Анасының айтуынша, баласының жүрісі кешеуілдеген соң, өз бетінше ем жасатпақ болған. Оның соңы осылай ушығып кетіпті. Оқиға қалай болды? Мөлдір ТоқтасЫнқызы ретімен айтады.Балама қарасам жүрегім езіледі дейді етегі жасқа толған Ақмарал. Айтуынша, сол күні бүлдіршінді массаждан кейін 10 минут парафинге жатқызған. Бірақ анау-мынауға жылай қоймайтын Әділ, шырылдап қолды-аяққа тұрмады дейді. Ол сыртқа шыққан кезде ғана сәбиінің жамбасы күйіп қалғанын білген. Ақмарал БӨЛЕБАЕВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Кәдімгідей грелка, китайский нәрсемен күйдіріп тұр олар. Байқамай парафинмен де күйіп тұрған жоқ қой. Түсініп тұрсыздар ма? Әр күн сайын орап қойған дәкесін алады. Негізі ол үш күн тұру керек. Ал біз тамақтандырған сайын, бүлдіршін бүлдіріп қояды. Сондықтан күнде осындай көрініс. Жеке массаж жасау орталығынан мән-жайды білмек болдық. Алайда олар арнайы сұхбат беруден бас тартты. Дәрігерлер бір жастағы Әділдің екінші және үшінші дәрежелі күйік алғандығын айтты. Қазіргі жағдайы орташа ауырлықта. Мамандар ата-аналарға кез-келген жеке емдеу мекемесінен білікті дәрігерлердің қадағалауынсыз ем алмауды баса айтып отыр. Мая МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Дәрігердің нұсқауымен, мемлекеттік мекемелерде тіркелген, лицензиясы бар, сертификаты бар, білікті мамандардың нұсқауымен ғана массаж болсын, физ.терепиялық емді сол дәрігерлердің нұсқауымен қабылдауды ұсынамын. Және кез келген жерге емес, мемлекеттік мекемелерде ем алуды ұсынамын. Оқиғаның жай-жапсарын енді құқық қорғаушылар анықтамақ. Бұл жағдайға қатысты «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері