Қызылорда облысында жел салдарынан құм көшіп, арасынан адам мәйіті табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы Facebook-те Ләззат Бақтыбаева айтты. "Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’s App арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр", - деп жазды ол. Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді. "Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта.