Қызылорда қаласында жеті жасар ер бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған. «Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның арасында біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.