Қызылордада мопед тізгіндегендер автотұрақта тұрған көліктерді соғып, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оларды таппай жатыр. Жалпы жыл басынан бері өңірде мопедтердің қатысуымен 42 жол көлік оқиғасы тіркелді. Жасұлан Назтаев 4 жылдан бері электро-самокат мен мопедтер сатумен айналысады. Бағалары 300-400 мың теңге шамасында дейді. Қымбат болса да ел арасында оған сұраныс жоғары екен. Жасұлан НАЗТАЕВ, САТУШЫ: Халықтың сұранысына өте қажет болып тұр ол. Жеткізу қызметтеріне алады. Одан кейін электро велосипедтеріміз бар. Оны кішкентай балалар, мектеп оқитын балалар да айдап жүреді. Қауіпсіздік ережелерін сатқан кезде міндетті түрде айтамыз. Шлем сатқан кезде сыйлыққа қосып береміз оны. Биыл мұндай электронды құрылғыларға қатысты да арнайы ережелер бекітілді. Бірақ оған құлақ асып жатқандар өте аз. Мәселен, арнайы жүргізілген екі күндік рейд жұмыстары кезінде 50-ден аса мопед айып тұрағына жеткізілген. Егелері оны табыс табуға пайдаланып отқандарын айтады. БЛИЦ-ОПРОС: - Өзімде 4 бала бар, квартирада тұрамын. Сол жұмыспен, доставкамен жұмыс жасап отырмын. Бала-шағамды асырап отырмын. - Скутермен доставкаға шығамыз ғой. Курер. Сонымен бала-шағаны асырап. Айтайын дегенім бірінші ескерту берсін. Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 42 жол көлік оқиғасы орын алған. Мұндай кезде жарақат алу ықтималдылығы өте жоғары дейді полицейлер. Жұлдызбек ҚҰСКЕЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. қалай олармен жол ережесін сақтау керек. Қай жермен жүруге болады. Барлығы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік кодекстің 620 бабына сәйкес хаттамалар бойынша айыппұлдары төленіп мапедтердің барлығы қайтарылып берілді. Өкінішке орай, мұндай ережелерді елемей, қала көшелерін жарыс алаңына айналдырып жүргендер де көп. Бір өкініштісі олар заң бойынша тек айыппұл төлеумен құтылуда. Ал автотұрақта тұрған көліктерге соғып, қашып кеткендердің көпшілігі табылмай жатыр.