Қызылордалық жыраулардың 90 пайызының даусы үнтаспаға жазылмаған. Фонотекалық қорда бұл өнердің негізін қалаған жыршы, жырау, термешілердің де үні сирек кездеседі. Алда осы олқылықтардың орны толтырылмақ. Бұл мәселені енді ғана лентасы қиылған «Жыраулар үйі» қолға алады. Аймақта биыл Руханият жылы деп жарияланды. Соның негізінде облыстық филармония жанынан «Жыраулар үйі» ашылды. Ерекше этно стильде безендірілген орталықта музей де жасақталған. Онда Сыр елін мекен еткен қобызшылар туралы мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар өңірде қалыптасқан} жыраулық үш мектептің өкілі Нұртуған, Жиенбай, Нартайдың тұтынған құралдары мен жеткен жетістіктері қойылған. Оның электронды нұсқасы да әзірленіп жатыр. Амандық БҮРЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыраулар үйі өз алдына сайт ашып жатыр. Жаңақорған мен Арал аралығындағы Сырдың бойындағы бүкіл ақын жыраулардың өмір тарихы соның ішінде сақталады. Бүгінгі таңда біз соған сақтап тұрмыз және ол болашақта 4 тілде жүргізіледі. Қазақ тілінде, орыс тілінде, түрікше және ағылшынша. Аймақ жыраулары бұл бастаманы қуана қабылдады. Дәстүрлі өнерді ғылыми методикалық тұрғыдан зерттеп-зерделеудің маңызы зор дейді олар. Сондықтан орталықтың мол мұрамызды кейінгі ұрпаққа насихаттауда атқаратын рөлі ерекше екенін айтады. Алмас АЛМАТОВ, ЖЫРАУ: Сыр бойының ақындық, жыраулық, әншілік, күйшілік барлық музыкалық фольклорлық мұраларын топтауға және оны студиясы арқылы осы кездегі сандық, цифрлық жағдайда өңдеуге және оны жаңа басылым жағдайында жариялауға негіз болады деп ойлаймыз. Кеш соңында Сыр сүлейлерінің ізбасарлары өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты.