Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері киікті заңсыз аулап, мүйізі мен етін сату арқылы қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген қала тұрғынын ұстады.42 жастағы қала тұрғынынан 6 киік аңына ұқсас жануардың денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды. ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.