Қызылордада көлігімен полиция қызметкерлерін сүйреп кеткен жүргізуші қамауға алынды

Заңды талапқа бағынбай, көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.8 тамыз күні Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан “ізін суытпақ” болған. Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті ұстады. Қарсылық көрсеткеннен бөлек ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полиция қызметкерлерін көлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйрей жөнелген. Оның салдарынан полиция қызметкерлері түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жоғарыда аталған бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полицейлерге қарсылық көрсету, күш қолдану деректеріне қатысты қылмыстық істердің ақталмайтын негізде қысқарту тәжірибесі тоқтатылғандығын ескертеміз, – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағына (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде су инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүргізіледі
Зайнутдинов нәтижелі әрекетімен көзге түсті (ВИДЕО)
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады