Қызылорда қаласына қарасты «Ақмаржан» шағын ауданының тұрғындары үшін орталыққа қатынау үлкен мәселе болатын. Себебі балалар сабаққа, үлкендер жұмысқа бару үшін теміржолды кесіп өтуге мәжбүр. Онда қайғылы жағдайлар да тіркелген болатын. Жаңа көпір салынып, мәселе шешімін тапты. Бүгінде теміржолды бойлай орналасқан жеке тұрғын үйлердің саны артқан. Сондықтан пойыз жол өткелін салудың маңызы зор. Құны 268 млн теңге болатын жобада жедел саты да қарастырылған. Қалмұрат РАХМАНБЕРДИЕВ, ТҰРҒЫН: Қала тұрғындарына керемет көпір беріп жатыр. Қуаныштымыз. Мына әсіресе, мүкіндігі шектеулі біз сияқты азаматтарға өте ыңғайлы. Жағдай жасалған. Тәуелсіздік мерекесінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол айрығы да пайдалануға берілді. Құны 5,7 млрд теңге болатын жоба күре жолдың бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін салынған. Жәнібек СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 450 метр тұратын, 225, 225 екі эстакадан тұрады. Екі демалу аймағы бар. жобаның, трассаның ұзындығы 800 метрді құрайды. Жоба қазір толық бітті. Қызылорда облысы аумағынан күре жолдың бойымен күніне 7 – 10 мыңның аралығында көлік өтеді екен. Сондықтан бұл жол айрық көлік ағынын реттеп, жол апаттарын азайтуға сеп болмақ.