Қызылорда қаласында қатты желдің салдарынан дария үстінендегі көпірден өтіп бара жатқан бұрандасы сынған жүк көлігінің тіркемесі бағытын өзгерткен. Салдарынан қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жеңіл көлікке материалдық шығын келтірді, деп хабарлайды Kazinform.Оқиға, бүгін 14 желтоқсанда сағат 13:20 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында орналасқан Сырдария өзені көпірінің үстінде болды. «Ауа райының өзгеруі және қатты жел салдарынан көпір үстінде өтіп бара жатқан «КаМАЗ» жүк көлігінің артқы тіркеме бұрандысы сынып кеткен. Салдарынан тіркеме бағытын өзгертіп, жолдың қарама қарсы бағытында келе жатқан «Toyota Camry» және «Mercedes-Benz» жеңіл көліктеріне соғылып, материалдық шығын келтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан адам шығыны болған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.