Қызылорда облысында күріш алқабына дән себілді. Биыл Сыр шаруалары 195 мың гектар жерге егін екпек. Су тапшылығы биыл болмайды деген болжам бар.Аймақ диқандары 83 мың гектар жерге ақ күріш екпек. Сондай-ақ, күріштің репродукциялы 9 сортын тәжірибеге енгізбек. Әртараптандыру бағытындағы суды аз қажет ететін дақыл көлемін де жыл сайын арттырып келеді. Таң ауының шаруалары бұл бағытта қарбыз алқабын кеңейтіп жатыр. Сәкен ШАҒЫРТАЕВ, АГРОСЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 15 гектар бақша дақылдары және мал азығын дайындау жөнінде жоңышқамыз бар. 12 гектар картоп, 3 гектар қарбыз дақылын отырғызы жатырмыз биыл. Аймақта қарапайым тұрғындардың да егін шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік жасалмақ. Бұл азық-түлік бағасын тұрақтандырудың негізгі тетігі деді облыс әкімі. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Жергілікті жерде өндірілетін өнімдердің көлемін арттыру. Тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар картоп, бақшы өнімдерімін қамтамыз ету үшін 5500 жергілікті тұрғындарға 3300 гектар қосымша жерлер дайындап беру жұмыстары жүргізілуде. Биыл вегетациялық кезеңде аймаққа 3,8 млрд текше метр су пайдалануға берілмек. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 200 текше метрге артық. Дегенмен шаруашылықтардың 70-80 проценті ішкі арналарын тазаламағандықтан кей алқаптарға су жеткізу қиынға соғууда дейді мамандар. Оған қоса шаруашылықтар «ҚазСуШар» мекемесіне 171 миллон теңге қарыз. Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барынша жақын арада сол қарыздандан құтылып, келісімшартқа отыру керек. Себебі ол жұмыстар жақын арада біз аяқтамасақ, жоғарыдан түсетін су көлемі әлде де азайтылуы мүмкін. Қазіргі таңда шаруашылықтардың 97 проценті тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген.