Қызылордада күріштің бір келісі 500 теңгеге жетті

Базар бағасы ырыққа бағынбай барады. Жауапты министрлік өкілдері мен басқармалар түрлі шара қабылданып жатыр, дегенмен, нәтиже болмай тұр. Басқа басқа, елімізді 90 процент күрішпен қамтып отырған Қызылордада ақ маржанның құны шарықтап кеткен. Өзге өңірлерде де жағдай мәз емес. Ұн, май, еттің құны қымбат. Қызмет көрсету ақысы да өскен. Бұл туралы толығырақ өңірлердегі тілшілеріміз тарқатып айтады. Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Құбылған баға тұрғындардың қалтасына салмақ салып тұр. Қазір базардың өзінде ең арзан күріштің бір келісі 500 теңге. Саудагерлер күріштің егінге орақ түскен тұста қымбаттағанын айтады. Ал себебін өздері де түсінбей дал. Күлшай ЖАРЫЛҚАПОВА, САТУШЫ: Өндірушілер қымбат бермейді. Өндірушілер сол көтерме дүкендерге береді. Оның үстіне көтерме магазин 30 теңге қойса, оның үстіне біз қосып аламыз ғой. Сол 30 теңгесін қосып алсақ, біз де 30-40 теңге қойып сатамыз ғой килограмына. Күріш өңдеу және өндіру қауымдастығы, керісінше, егінге орақ түскен тұста дақылдың өзіндік құны төмендейтінін айтады. Оның үстіне шетелден келетін импорттық өнімдер оның арзандауына әсер етіп отыр дейді. Осылайша, өндірушілер күріш бағасын былтырғыдан 20 процентке түсірген. Алайда делдардардың қолынан тұтынушыға жеткенше құны мың құбылуда. Сағидулла СЫЗДЫҚОВ, КҮРІШ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Үлкен оптовик бір алады, одан екінші оптовикке кетеді. Соңынан базарға жетеді. Әр өндіруші 20, 10 теңгесін қосып, сол баға қалыптасқан шығар деп ойлаймын. Бірақ өндіруші сатып алып отырған адамға күрішті бүйтіп сат, мынандай бағамен сат деп біз оны айта алмаймыз. Ал жауапты департаментегілер өз бетімізше базар аралап, бағаны реттей алмаймыз дейді. Тек арыз-шағым негізінде үстемеақының 15 проценттен аспауын ғана қадағалайтын көрінеді. Ерқасым СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бір жерде өсіп бара жатқан бағаны сұрауға да құқығымыз жоқ баруға да құқығымыз жоқ. Біреуден арыз түссе, сосын барым қана арнайы орындарға тіркеліп, сосын барып біз сұраймыз. Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Биыл аймақта су тапшылығына қарамастан, егіннің өнімділігі жақсы дейді мамандар. Бірақ мың құбылған бағаны ешкім бір жүйеге келтіре алар емес. Тіпті әлі қымбаттайды ма деген сауалдың өзі басы ашық күйінде қалып отыр. Ал қымбатшылық оралдықтарға қалай әсер етіп жатыр? оны әріптесім Еркін айтып береді. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Оралда да инфляция ырық берер емес: жыл басынан бергі көрсеткіш 106 проценттен асыпты. Осының салдарынан азық-түлік түгілі, ақылы қызмет те еселеп қымбаттады. Мысалы, ұялы байланыстың бағасы ұшып тұр. Қымбатшылықтың кесірінен тіс дәрігеріне қаралу мен қоғамдық тамақтану орындарына баруды қысқартуға тура келеді. Өйткені кейбір қызметтің құны 100 проценттен де асып түскен. Базар жағалаған халық бағаның жалақы мен зейнетақысының жартысынан астамын тамаққа жұмсайды. Сондықтан шипажайда тынығу түгілі, денсаулығын күтіп, дәрігерге барудың өзі оңай болмай тұр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Барлығы қымбат қазір. Нан әсіресе! Барлығы қымбат қой. Қазір арзан ештеме жоқ қой. - Қымбаттап кетті бұрынғыдай емес. Моющийлер қымбаттады Жасырмайды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік еселеп қымбаттаған. Алкогольсіз сусындар, бау-бақша өнімдері, балық та арзан емес. Райхан ХАЙРУЛЛИНА, БҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАҒА СТАТИСТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2023-жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша облысымыздағы инфляция 5,7% өсті. Осының әсерінен азық-түлік тауарларының бағасы 5,9% қымбаттады. Мұның ішінде ең көп қымбаттағаны макарон өнімдері 20%, сүт өнімдері 20%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері 12,9%, нан өнімдері мен жармалар 10,2% қымбаттады. Бұл аздай, тұрмыстық бұйымдар, автокөлік, фармацевтикалық өнімдер, киім мен аяқ киімнің де бағасы өскен. Жанармайдың да бағасы бұрынғыдан 10 процентке қымбат. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында әбігерге салатын теміржолмен қатынау құны арзандапты. Мамандардың айтуынша, кеңсе тауарлары мен сақтандыру қызметінің құны сәл төмендеген. Бірақ арадағы айырмашылық 1,5% де жетпейді. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Ал Қостанайда азық-түлік бағасы қатаң бақылауда. Анығы әлеуметтік маңызы бар өнімнің құны тұрақты. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі осылай деп отыр. Әлгі азық-түліктің 19 түрі тұрақтандыру қорында бар , дейді жауаптылар. Тек қант тапшы. Қаладағы ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Құны да қолжетімді. Мира ҚАЗКЕЕВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Өткен аптада 34 шағын дүкенді аралап шықтық. Сауда орындарының қожайындары мен азық-түлік жеткізуші тараппен бағаны тұрақты ұстау жөнінде кездесу-жиындар өткізіп отырмыз. Супермаркет сөрелеріндегі баға бақылауда болғанымен, базардағы баға шарықтап тұр. Тұрғындар соңғы он күнде бір қап ұн мың теңгеге, 25 келі қанттың бағасы мың жарым теңгеге, сұйық май 500 теңгеге дейін қымбаттағанын айтады. БЛИЦ-АУАЛНАМА: - Өткен жетіде қант 25 килограмм 8700 теңгеге алдым. Біреуден жаңа сұрадым 10 мың.Екіншісі 10300 деп отыр. - Соңғы кезде бәрі қымбаттап жатыр.Әсіресе азық-түлік жағы.Ол рас енді. Ет сол. Ең керегі қымбаттап жатыр. - Қымбат. Өте қымбат. Бір барғанда 7 мың теңге кетеді. Күнде. Бұл бір-екі күнге ғана. Жергілікті билік азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ай сайын жәрмеңке ұйымдастырып отыр. Жыл басынан бері 5 рет өткізіліп, 615 тонна арзан өнім сатылған. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Ал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 748 тонна күрішті төмен бағамен тұтынушыға жеткізуді көздеп отыр. Әлеуметтік нанның бағасын 90 теңгеден асырмау үшін диірмендерге 1356 тонна арзан ұн берілген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды