Қызылордада құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

Биыл 10 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы макроэкономикалық даму көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына енді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің қатысуымен өткен жиында айтылды. Вице-министр бірқатар нысандарды аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.Аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ордасын салу жоспарланған. 10 нысанның іргетасы қаланып, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, қалада ғана емес, аудандарда да тұрғын үйлер қарқынды салынып жатыр. 500-ден аса ауыл тұрғыны баспаналы болды. Сондай Шиелі ауданында 50 пәтерлік үй әлеуметтік осал топтарына берілген. Жалпы аймақта құрылыс қарқынды жүргізілуде. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Қасым Жомарт Кемелұлы қазан айындағы сапарында өңір үшін маңызды тарихи шешімдер қабылдады. Көптің көкейінде жүрген Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аймуғаны 4 жолаққа айналдыру, Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін алдағы 3 жыл ішінде шешуді Үкіметке тапсырды. Ауыз толтырып айтар жобалардың бірі – жаңа жылу электр орталығының құрылысы. Ол аймақтағы мәселені түбегейлі шешіп қана қоймай, электр энергиясын сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Аталмыш нысан шетелдік инвестордың қаражаты есебінен салынуда. Бюджеттен тыс қаржы көздерінен жүзеге асып жатқан мұндай ауқымды жұмыстар вице-министрдің қатысумен өткен республикалық семинар-кеңесте талқыланды. Оң бағаға ие болды. Тимур ҚАРАҒОЙШИН, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Жергілікті бизнесте жүрген азаматтар құрылысшылар осының бәрін қолын созып халыққа қарай жақсы мынадай жұмыстар жүргізген. Осыны көріп жатырмыз. Бұл әкімшіліктің ұйымдастыруы. Қалған республикада да осындай Қызылордадағы әкімшілік жасап жатқан жұмысты ұйымдастыру керек. Президенттің айтқан интвесторларды тарту керек. Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік» үндеуін аймақтық кәсіпкерлер бірауыздан қолдады. Демеушілер есебінен 37 млрд теңге қаржы тартылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жеті жасар баланың өлімі»: Алматы облысының әкімі Іргелі ауылындағы оқушылар мәселесін қалай шешпек
«Ауыл аманаты» жобасы – мемлекеттің Еңбек адамына деген қамқорлығының жарқын үлгісі
"Ауыл аманаты" жобасына қатысушылар шаруаларға үлгі көрсетіп жатыр
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Нью-Йорктің бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуымен құттықтады
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды