Қызылордада қарақшылық жасаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.Былтыр қыркүйекте күдікті қалада 2 адамды соққыға жығып, олардың қымбат телефоны мен 1 млн теңгеден асатын ақшасын тартып алған. Жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде полиция 32 жастағы қызылордалықты ұстады. Сотталушы сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.