Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші полицейді қағып кетті. Полиция қызметкері Volkswagen Touaregмаркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқан. Алайда ол заңға бағынбай қала шетіндегі Қарауыл төбе ауылына қашып, күріш алқабына кірген. Сол кезде қосымша көмекке келген полиция нарядының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып бөгемек болған. Оны да елемеген жүргізуші полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп уақыт өтпей 32 жастағы күдікті қолға түсті. Әміржан ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ортадәрежелі масаң екендігі анықталып, уақытша ұстау изолторына қамаққа алынды. Автокөлікайыптұрақта. Қазіргі таңдабилік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша сотқадейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.