Қызылордада мемлекеттік қызметкерлерді бопсалаған алаяқтар анықталды

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді суреттері арқылы бопсалаған алаяқтар тобы анықталды. Шенеуніктердің бірі полицияға көмек сұрап жүгінді.Соттың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желідегі аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сонан соң сол қыздың атынан ер адамдармен әңгіме-дүкен құрған. Уақыт өте келе алаяқтар жалаңаш суреттер жіберіп, шенеуніктен де сурет жіберуін сұраған. Кейін бұл іске банданың басқа мүшелері қосылған, олардың міндеті ақша бопсалау болған. Олар шенеуніктердің суретін көпшілікке жария етеміз деп қорқытып, картасына ақша аударуды талап еткен. Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды. Тергеуден кейін 11 жәбірленуші ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды: олар азаматтық талап қоюдан бас тартты. Жалғыз Б есімді жәбірленуші кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушыларды сотқа беруге шешім қабылдады. Сот отырысында сотталушылардың кінәсі дәлелденді, алаяқтар кінәсін мойындады. Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Депутат әлеуметтік педагогтар мен техникалық персоналдың айлығын көтеруді талап етті
Қазақстанның қай аймақтары шетелдік туристер үшін ең тартымды?
Үш дүркін Азия чемпионы спорттағы мансабын аяқтады
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды